Экономиканың қай секторлары ресми түрде ең көп зардап шеккен болып саналады: оларға қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

Қаржы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 және 2020 жылғы 20 қазандағы № 679 қаулыларымен COVID-19 пандемиясының кең таралуынан экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі бекітілді. Бұл тізімге 29 қызмет түрі енген. Олар:

  1. Сауда алаңы 2000 ш.м. аз сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату (ЭҚЖЖ 45.11.2);
  2. Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату (ЭҚЖЖ 45.11.3);
  3. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ЭҚЖЖ 45.20);
  4. Сауда алаңы 2000 ш.м. аз сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату (ЭҚЖЖ 45.32.1);
  5. Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған бөлшектерді, тораптар мен керек-жарақтарды бөлшек саудада сату (ЭҚЖЖ 45.32.2);
  6. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда) (ЭҚЖЖ 47);
  7. Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша қызметтер ұсыну (ЭҚЖЖ 49.4);
  8. Әуе жолаушылар көлігінің қызметі (ЭҚЖЖ 51.10);
  9. Әуежайлар қызметі (ЭҚЖЖ 52.23.2);
  10. Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерін ұсыну (ЭҚЖЖ 55.10);
  11. Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну (ЭҚЖЖ 56.10);
  12. Бағдарламалық қамтылымды шығару (ЭҚЖЖ 58.2);
  13. Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет (ЭҚЖЖ 59.14);
  14. Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет (ЭҚЖЖ 62.01);
  15. Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру) (ЭҚЖЖ 68.20);
  16. Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары) (ЭҚЖЖ 69.10);
  17. Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және басқару мәселелері бойынша басқа да консультациялар беру (ЭҚЖЖ 70.22);
  18. Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі (ЭҚЖЖ 71.20.1);
  19. Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі (ЭҚЖЖ 79.1);
  20. Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру) (ЭҚЖЖ 85.10);
  21. Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер) (ЭҚЖЖ 85.20);
  22. Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер) (ЭҚЖЖ 85.3);
  23. Аурухана ұйымдарының қызметі (жеке ұйымдар) (ЭҚЖЖ 86.10);
  24. Санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі (ЭҚЖЖ 86.10.3);
  25. Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жеке ұйымдар) (ЭҚЖЖ 86.2);
  26. Концерттік және театр залдарының қызметі (ЭҚЖЖ 90.04);
  27. Фитнес-клубтардың қызметі (ЭҚЖЖ 93.13);
  28. Тоқыма және үлбір бұйымдарды жуу және (химиялық) тазалау (ЭҚЖЖ 96.01);
  29. Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі (ЭҚЖЖ 96.02);

Бұл 29 бизнес саласына келесі мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған:

Біріншіден, экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларының тізбесіндегі микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері:

  • төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
  • дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтан, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан, әлеуметтік аударымдардан, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан босатылған.

Екіншіден, осы қызмет түрлерімен айналысатын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы несиелері 12 айға 6 пайыздық мөлшерлемеге дейін субсияланады. Айырмашылығын мемлекет өтейді.

Оцените статью